Азаматтық кодексті жаңарту кезіндегі құқықтық сабақтастық: реформа азаматтық айналымның тұрақтылығын нығайтуға тиіс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөнінде көтерген бастамасын қолдаймын. Бұл жұмысты жекелеген нормаларды қайта қараумен шектемей, азаматтық-құқықтық реттеудің бүкіл жүйесін кешенді жетілдіру ретінде қарастыру қажет деп санаймын. Сонымен қатар мұндай ауқымды заңнамалық жаңғырту барысында құқықтық сабақтастық қағидатын сақтау айрықша маңызды. Заңнаманы жаңарту қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесінің негізсіз жойылуына, тиімді құқықтық тетіктердің өзгеруіне немесе қолданыстағы құқықтық қатынастарға қатысты белгісіздіктің туындауына әкеп соқпауы керек. Азаматтық заңнама азаматтардың күнделікті мәмілелерінен бастап, күрделі мүліктік және корпоративтік қатынастарға дейінгі кең ауқымды саланы қамтиды. Сондықтан әрбір елеулі өзгеріс…
Ноя
27
2026
