Полиция жүргізушілерді Ақмола облысының жолдарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Ақмола облысы полицейлерінің пікірінше, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау және зейінділік, әсіресе демалыс күндері көлік ағыны едәуір артатын Астана - Петропавл автожолындағы жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді. Жаңбырлы ауа-райына байланысты жол жамылғысы тайғақ болады, тежеу қашықтығы және сырғанау қаупі артады. Жолдың жекелеген учаскелерінде қолайсыз ауа-райы жағдайында ұсынылған жылдамдық 50 км/сағ дейін, бұл туралы жол белгілері ескертеді. 3 шілдеде сағат 12:30 шамасында Астана-Петропавл автожолының 217-ші шақырымында болған ауыр жол - көлік оқиғасы үндеуге себеп болды. Changan және Hyundai автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде бір жолаушы көз жұмды, зардап шеккендер де бар. Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, кенет маневрлер…
