Тоңазытқышты жөндеу
Тұтынушының құқығын қалпына келтіруге көмек көрсетілді

Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне кепілдіктегі тоңазытқышты жөндеу мәселесі бойынша тұтынушыдан өтініш келіп түсті.
Өтініште көрсетілгендей, 2026 жылғы сәуір айында тұтынушы Sulpak дүкенінен тоңазытқышқа тапсырыс рәсімдеп, оның құнын толық төлеген.
2026 жылғы 22 шілдеде кепілдік мерзімі ішінде тоңазытқыш жұмыс істемей қалған. Дүкенге бірнеше рет жүгінгеннен кейін, 31 шілдеде тоңазытқыш сервис орталығына жеткізу үшін алып кетілген.
Департамент мамандары тұтынушыға өз құқықтарын қорғау және дауды сотқа дейін реттеу тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер беріп, сондай-ақ дүкенге тиісті сауал жолдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2026 жылғы 6 тамызда тоңазытқыш жөнделіп, тұтынушыға жеткізілді. Мәселенің реттелуіне байланысты өтініш беруші өз өтінішін кері қайтарып алды.
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарға тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын төлегенін растайтын құжаттарды сақтаудың, сондай-ақ сатушылар мен қызмет көрсетушілер өз міндеттемелерін бұзған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін уақтылы жүгінудің маңыздылығын еске салады.
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

By admin

Читайте также