Ақмола облысы энергетикалық профицитке дайындалуда: алдағы үш жылда не өзгереді? 2029 жылға қарай Ақмола облысы электр қуатының профицитіне шығуды жоспарлап отыр. Ол үшін өңірде тозған электр желілері жаңартылып, жаңа қосалқы станциялар салынып, электр энергиясын өндіретін өз көздерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жобалар Көкшетау, Қосшы қалаларын және бірқатар ауылдық елді мекендерді қамтиды. Нақты жоспарлар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтбек Жапаев айтып берді. Бүгінде өңірдегі электр желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 32 мың шақырымды құрайды. Соңғы екі жылда 5 мың шақырымнан астам электр желісі мен 1300-ге жуық қосалқы станция жөндеуден өтті. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 62%-дан 59%-ға дейін…
Ноя
03
2026
