📌 Белгісіз вирус туралы қауесеттер: Қазақстандағы тұмау жағдайы қандай?
Әлеуметтік желілерде белгісіз вирустың таралуы, 40 градусқа жуық қызу, ауруханалардың лық толуы және мектептердің қашықтан оқуға көшуі туралы ақпараттар таралуда.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді.
🔹 Соңғы аптада 133 052 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Сырқаттану көрсеткіші 6,8%-ға төмендеген.
🔹 Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың 297 жағдайы зертханалық жолмен расталды. Оның 295-і – А(H1N1), екеуі – В типі.
🔹 Тұмауға қарсы екпені 2 миллионнан астам адам алған.
🔹 Ел бойынша инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 68%, балалар бөлімшелерінде 72%-ды құрайды.
Сонымен қатар, елімізде белгісіз жаңа вирустың пайда болғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Мектептерді жаппай қашықтан оқытуға көшіруге де негіз жоқ.
‼️ Мамандар азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.
Есте сақтаңыз: ақпаратты бөліспес бұрын оның шынайылығын тексеріңіз!
#Қазақстан #Денсаулық #Тұмау #ЖРВИ #ФейкАқпарат
