Тұтынушының құқықтары қалпына келтіріліп, туристік қызмет үшін ақшалай қаражат қайтарылды
Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда департаментіне өз тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселесі бойынша азамат жүгінді.
Өз өтінішінде азамат туристік қызмет үшін ақшалай қаражатты қайтаруға байланысты туристік агенттікпен туындаған даулы мәселе туралы хабарлаған. Тұтынушыға қайтарылуға тиіс ақша қаражатының сомасы 765 446 теңгені құрады.
Туристік қызметтің 2026 жылғы 17 шілдеде тоқтатылуына байланысты азамат бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдем көрсету үшін Департаментке жүгінді.
Өтінішті қарау барысында Департамент өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 765 446 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тұтынушыға толық көлемде қайтарылды.
Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент азаматтарға өздерінің заңды мүдделерін қорғауға құқылы екенін еске салады және кәсіпкерлік субъектілерімен даулы жағдайлар туындаған кезде консультация және құқықтық көмек алу үшін уақтылы жүгінуге кеңес береді.
