🇰🇿🇺🇸 Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады 📩 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан Республика күніне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті. Өз құттықтауында Америка көшбасшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайғанын, халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың дамуын және екі елге де тиімді маңызды сауда-экономикалық келісімдердің жасалғанын атап өтті. 💬 «Өткен жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге қол қоюға дейінгі аралықта әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын», – делінген жеделхатта. 🇺🇸 Дональд Трамп 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды егемен мемлекет ретінде халықаралық аренада…
Окт
27
2026
