Қорғалжын ауданында «Таза өлке – жарқын болашақ!» акциясы өтті Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза өлке – жарқын болашақ!» жалпыұлттық акциясы ұйымдастырылды. Экологиялық шараға 200-ден астам аудан тұрғыны қатысты. 2 қазан күні Қорғалжын ауылының А. Шабатов атындағы орталық алаңында өткен шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар, волонтерлер, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Экологиялық акцияның ресми ашылуынан кейін қатысушылар орталық алаң мен оған іргелес аумақтарды тазалауға кірісті. Сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сондай-ақ елді мекен аумағындағы бірқатар учаскелер абаттандырылды. Шара барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ерекше…
Окт
02
2026
