День: 08.10.2026

Что изменилось в образовании за 7 лет? Зарплаты учителей выросли, а нагрузка снизилась. Усилилась социальная поддержка педагогов. Построены новые школы и запущен проект «Комфортная школа». Расширились меры поддержки молодых педагогов. В учебные программы включены искусственный интеллект и основы Конституции. Также предусмотрены надбавки за профессиональные достижения педагогов.
Подробнее
Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді? Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау күшейді. Жаңа мектептер салынып, «Жайлы мектеп» жобасы іске қосылды. Жас педагогтерді қолдау шаралары артты. Оқу бағдарламаларына жасанды интеллект пен Конституция негіздері енгізілді. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби жетістіктері үшін де үстемақыларлар қарастырылған.
Подробнее
*Казахстанцы смогут получить консультации профильных специалистов: в регионах стартуют выездные приемы «Әділет Керуені»* Жители Восточно-Казахстанской области смогли бесплатно получить медицинскую, правовую и консультативную помощь по месту жительства. Выездные приемы прошли в Курчумском, Шемонаихинском, Маркакольском, Зайсанском и Тарбагатайском районах в рамках партийной акции «Әділет Керуені». Опыт проекта планируется продолжить и в других регионах страны. Особое внимание во время выездов уделили детям. 40 детей получили консультации логопеда-дефектолога, психолога, специалиста по адаптивной физической культуре и педиатра. По итогам обследований для пяти детей в октябре будет организована бесплатная реабилитация. Всего медицинскую помощь получили 462 человека, из них 389 человек приняли врачи-онкологи. Для десяти из…
Подробнее
*Бейінді мамандар қазақстандықтарға кеңес береді: өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды* Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша медициналық, құқықтық және консультациялық тегін кеңес алды. «Әділет Керуені» партиялық акциясы аясында Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында көшпелі қабылдаулар өтті. Алдағы уақытта осы жоба тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде жалғастыру жоспарланып отыр. Көшпелі қабылдаулар барысында балаларға ерекше көңіл бөлінді. 40 балаға логопед-дефектолог, психолог, бейімделген дене шынықтыру маманы және педиатр кеңес берді. Тексеру қорытындысы бойынша қазан айында бес балаға тегін оңалту шаралары ұйымдастырылады. Жалпы, 462 адамға медициналық көмек көрсетіліп, соның ішінде 389 адамды дәрігер-онкологтар қабылдады. Бұл ретте, он адам онкологқа алғаш рет…
Подробнее
Президент волонтерлік қозғалыс гуманитарлық ықпалдастықтың құрамдас бөлігі болуы керек деп пайымдайды – Еліміздің «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық жобасын іске асырудағы тәжірибесін аймақтық деңгейде қолға алуға болады. Бұл бастама жастарды адамгершілік және азаматтық құндылықтарға баулиды. Сондықтан келесі жылы «Орталық Азия – ізгі істер мекені» деген ұранмен волонтерлік мәселесіне қатысты жастар форумын өткізуді ұсынамын. Аймақтағы ішкі туризмнің дамуы арқылы халықтардың бір-бірімен араласуына, елдеріміздің тарихымен және мәдениетімен танысуға жол ашылды. Біз Орталық Азия мен Әзербайжандағы ауқымды мәдени, ғылыми, спорттық және туристік іс-шараларының бірыңғай күнтізбесін жасауды ұсынамыз. Бұл барыс-келісті арттырып, бірлескен турлар аясында шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған ұсыныстар өңірдегі ынтымақтастықтың берік…
Подробнее
Мемлекет басшысы дүрбелеңге толы дүниеде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау басты міндет екенін айтты – Терроризм, есірткі бизнесі, қару-жарақ және адам саудасы, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс пен алаяқтық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Цифрлық технологиялардың қаскөйлердің, атап айтқанда, лаңкестер мен есірткі сататын қылмыстық топтардың қолына түсу қаупі қатты алаңдатады. Әрине, оған қарсы тұратын тәсілдеріміз заманға сай болуы керек. Осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының тұрақты кездесулері айтарлықтай үлес қосуда. Үшінші кездесу 23-24 сәуір күндері Душанбеде өтті. Былтыр Ташкентте қабылданған Аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық тұжырымдамасын, сондай-ақ Қауіпсіздік тәуекелдері және оның алдын алу шараларының тізбесін жоғары бағалаймыз. Мұны барлық…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды – Қазақстан жасанды интеллектінің біртұтас экожүйесін дәйекті түрде құра бастады. «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Digital Qazaqstan стратегиясы жүзеге асырылуда. Суперкомпьютер кластері іске қосылды. Alem.ai халықаралық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл тақырып өте өзекті. Осыны ескеріп, жасанды интеллект бойынша Орталық Азия серіктестігін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Оның аясында елдеріміздің ғылыми орталықтары, университеттері, технологиялық компаниялары ақпарат пен тәжірибе алмаса алады, – деді Мемлекет басшысы. 🔹Қазақстан Президенті нейрожелілерді қауіпсіз пайдалану маңызды деп санайды. Бұған қатысты қауіп-қатер халықаралық деңгейде қызу талқыланып жатыр. – Меніңше, аса маңызды технологияларды бақылаудың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге уақыт оздырмай кірісу керек.…
Подробнее
Президент Дүниежүзілік банктің бағалауынша, жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаятынын айтты – Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔹Президенттің пікірінше, су проблематикасы – Орталық Азия тұрақтылығына қатер төндіретін басты сынақтардың бірі. – Алдымызда трансшекаралық су ресурстарын басқарудың тың тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр. Бұл жұмыста өзара құрмет, теңқұқылық қағидаттары негізге алынып, аймақтағы барлық елдің мүддесі ескерілуі керек. Орталық Азияның су пайдалану бойынша негіздемелік конвенциясын қабылдау ынтымақтастықтың жаңа өңірлік архитектурасын…
Подробнее
Президент принял участие в 8-й Консультативной встрече глав государств Центральной Азии и Азербайджана 🔹Касым-Жомарт Токаев в своем выступлении особо подчеркнул символичность сегодняшнего заседания, поскольку оно проходит в год 35-летия Независимости стран Центральной Азии и Азербайджана. – За эти годы пройден протяженный, сложный, поистине тернистый и в то же время плодотворный путь, вместивший в себя целую эпоху. Мы укрепили суверенитет, сформировали собственные модели развития, заняли достойное место в международном сообществе. Центральная Азия и Азербайджан сегодня по праву считаются центрами роста и геополитического взаимодействия в Евразии. Но самое главное – благодаря мудрости и единству наших братских народов мы живем в мире и…
Подробнее
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап өтті. – Осы жылдар ішінде тұтас дәуірді қамтыған ұзақ әрі сындарлы, сонымен қатар жемісті жолды еңсердік. Егемендігімізді нығайтып, дамудың төл моделін қалыптастырдық. Халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болдық. Бүгінде Орталық Азия мен Әзербайжан Еуразиядағы өсіп-өркендеп келе жатқан геосаяси ықпалдастық орталығы саналады. Ең бастысы, бауырлас халықтарымыздың парасаты мен ынтымақ-бірлігінің арқасында бейбітшілік пен келісім орнаған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ауызбіршілік, өзара қолдау мен сенім осы заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін ортақ стратегиялық…
Подробнее