Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды
Көкшетауда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Марат Ахметжанов аграрлық сала өкілдерін құттықтап, олардың өңір экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегіне алғыс білдірді.
180-нен астам сала қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен және басқа да марапаттармен марапатталды. Он қызметкерге автокөлік пен пәтердің кілттері табысталды.
Облыс агроөнеркәсіп кешенінде жетекші орындарын сақтап келеді. Соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы екі еседен астам өсіп, 2025 жылы 1,17 трлн теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісі 3,4 есе артты.
Биыл қолайсыз ауа райына қарамастан, өңірде 6,3 млн тоннаға жуық астық жиналды – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Астықтың 90%-ға жуығы жоғары сапалы бидай. Майлы дақылдардан рекордтық 839 мың тонна өнім алынды.
Мал шаруашылығы да дамып келеді. Соңғы үш жылда жалпы қуаты 5,8 мың басқа арналған алты сүт-тауарлы ферма іске қосылды. Биылғы он айда тауарлы сүт өндірісі шамамен 25%-ға өсіп, 79 мың тоннаға жетті.
Сонымен қатар, өңірде ет кластерін дамыту, асыл тұқымды орталықтар, бордақылау алаңдары мен заманауи ет өңдеу кешендерін құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Республикалық деңгейде де ақмолалықтардың еңбегі жоғары бағаланды. Биыл облыстың 15 тұрғыны мемлекеттік наградаларға ие болды. Мерекелік шарада «Ақмола облысының АӨК дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 32 кәсіпорын марапатталып, бірқатар маман «Жыл кәсіби маманы» атағын алды.
Аграршылардың еңбегін бағалау – өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға, өндірісті арттыруға және ауыл еңбеккерлерін қолдауға бағытталған маңызды қадам.
📱 t.me/Aqmola_region
