САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАРАЗЫЛАР ЕНДІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдертізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегітауарлар салмағының өлшемдеріментолықтырылды.

Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісіелдің барлық облыстарында бар аккредиттелген(құзыреттілігін бағалаудан өткен) салыстырыптексеру зертханаларының аттестатталғансалыстырып тексерушілердің көмегіментаразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырыптексеруден өткізуі тиіс. Егер бұрын салыстырыптексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардыңгеометриялық параметрлерін өлшейтін өлшемқұралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды.

Салыстырып тексерудің мәні өлшемқұралдарының міндетті метрологиялық талаптарғасәйкестігін растау болып табылады. Ол үшінаттестатталған салыстырып тексеру әдістемесіпайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзегеасырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырыптексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралыныңжарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардыңбағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сирек асады және арнайы гірлердіпайдалануды көздейді.  

Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз етутуралы» Заңның қолданыстағы ережелеріненегізделген, ол мемлекеттік метрологиялықбақылау объектілерінің ішінде саудаоперацияларын жасау кезінде иеліктеншығарылатын өнім санын тікелей анықтады, жәнеде ішкі сауда ережелеріне сәйкес сауда объектісіқажетті сауда құрал-сайманымен, жабдығымен, оның ішінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз етутуралы» Заңның талаптарына сәйкес қолдануғарұқсат етілген өлшем құралдарыменқамсыздандырылады.

Осылайша, салмағы бойынша өнімді сатукезінде тұтынушылар өлшеудің анық емеснәтижелерінен Заңмен қорғалады және олар ақысытөленген салмақты ала алады. Сараптамалықбағалаулар бойынша салыстырып тексеругеұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10 %-ы одан өтпейді, сол арқылы жарамды болыптабылмайды.

Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін) айыппұл түріндежауапкершілік қарастырылған.

Хабиев Н.Е. – ҚР СИМ Техникалық реттеужәне метрология комитетінің Ақмола облысыбойынша департаменті басшысы –мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша Ақмола облысының бас мемлекеттік инспекторы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также