Еліміздің шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз ету туралы ақпарат

 

 

 

 

Жедел ақпаратқа сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 3,9 млрд текше метр су берді.

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 1,8 млрд текше метр суармалы су берді.

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 982 млн текше метр су жеткізді.

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 408 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 224 млн текше метр су берілді.

Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 210 млн текше метр су берді.

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы дихандарға 143 млн текше метр су берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 118 млн текше метр су жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарды 58 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.

Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егістіктерге 11 млн текше метр су берді.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 6,5 млн текше метр су жіберді.

Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 5 млн текше метр суармалы су жеткізді.

 

Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 3,75 млн текше метр су берді.

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн текше метр су жіберді.

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 0,47 млн текше метр су жеткізіп берді.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также