Сайлау процессін жаңарту


Кез-келген мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін политикалық жаңарту мен модернизациялауды қажет етеді. Осы 2-3 жыл аралығында өткен сайлау, саяси жүйедегі өзгерістерге тоқталатын болсақ: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты ел халқына Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берілді.

Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жаппай практикасын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар пакетін дәйекті іске асыруға бағытталған.

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен 2021-2023 жылдар аралығында 12 ауыл және ауылдық округтердің әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілді. Үміткерлердің жалпы саны – 38 адамды құрады.

Ағымдағы жылдың 13 тамызында кезекті Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды. Құзырлы мемлекеттік органдардың жауаптары негізінде кандидаттардың сәйкестігі анықталып, айтылған сайлауға 3 кандидат тіркеуден өтті.

Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Ол республиканың бүкіл аумағында өткізіледі. Референдумда Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыруы енгізу, Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін.

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы референдум 1995 жылдың 29 сәуірінде өтті. Қазақстан президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы республикалық референдум президенттің Жарлығы жарияланған күннен бастап күшіне енетін жарлық негізінде өткізілді.

Референдумда: «Сіз 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» деген жалғыз сұрақ қойылды. Референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Оны сайлаушылардың 95,46% қолдады.

Одан кейінгі конституциялық референдум 1995 жылы 30 тамызда өтті. Сол кезде референдумға:«Жобасы 1995 жылдың бірінші тамызындабаспасөзде жарияланған ҚазақстанРеспубликасының жаңа Конституциясынқабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. ЖаңаКонституцияны сайлаушылардың 90%-ы қолдады. Содан бері 30 тамызда Қазақстанда мемлекеттікмереке – Конституция күнін мерекеленеді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшіншіреферендум 2022 жылдың 5 маусымында өтті.

«Республикалық референдум туралы» Заңғасәйкес, референдум оны өткiзу туралы шешiмқабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және3 айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Ерекшежағдайларда Республика президентi референдум өткiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеуі мүмкiнҚазақстанпрезиденті елде референдум өткізу туралыұсынысты 2022 жылдың 29 сәуірінде енгізді.

Референдумда 18 жастан асқан азамат дауыс береалады. Референдум барысында дауыс берушілергедауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелiкреферендум комиссиясы дауыс беретiн күнненкемiнде он күн бұрын хабарлайды. Сондай-ақ дауысберетiн нысанда көрнектi жерде референдумғақойылған мәселенiң, Конституция, конституциялықзаң, заң жобаларының, оларға енгiзiлетiн өзгертулермен толықтырулардың мәтiнi iлiнуге тиiс.

Конституция мен конституциялық заң, заң жобаларына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалып, өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша сайланған Президентке үміткер жаңа заң талаптарына сәйкес жеті жыл мерзіміне сайланады.

Қазақстан республикасы Мәжіліс Парламенті және мәслихат депутатары сайлауына тоқталатын болсақ. Бұл сайлау– 7 партия мен мажоритарлы жүйе бойынша бір мандатты округтерден үміткер тұлғалардың бәсекесі.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауы өткізілді. Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар:

«Ақ жол» демократиялық партиясы;

Amanat партиясы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

«Байтақ» «жасылдар» партиясы;

Қазақстан халықтық партиясы;

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы;

Respublica партиясы.  

Сонымен қатар, Жақсы аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы жоғарғы деңгейде өтті.

Аудан бойынша Сайлаушылардың тізімдеріне 11203 азамат енгізілді. Дауыс беруге 8507 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 41 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 274 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға қатысқан кандидаттардың жалпы саны – 34 адамды құрады.

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также