Көкшетау қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында «Сарбаз күні» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Ақмола облысынан әскерге аттанғалы тұрған 35 жас үшін ерекше мәнге ие болды. Олар №44813 әскери бөліміндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына мерзімді әскери қызметке жөнелтілмек.
Шара жауынгерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою және бір минут үнсіздікпен басталды. Биылғы акция бірнеше маңызды тарихи даталармен тұспа-тұс келді: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы және ғалым Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл, сонымен қатар Әлия Молдағұлова 100 жылдығы.
Іс-шараны ашқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев жастарға жүктеліп отырған жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін біз сарбаздарымызды әскери қызметке шығарып салудамыз. Қарулы Күштер қатарында болу – үлкен абырой. Сіздер өңіріміздің намысын абыроймен қорғауға тиіссіздер. Осындай жастардың арқасында еліміздің тұрғындары бейбіт өмір сүріп, балаларын тәрбиелеп, еңбек етіп жатыр. Сіздерге қайсарлық пен ерлік тілеймін», – деді ол.
Сарбаздар әскери-техникалық мектеп курсанттарымен, 5510 әскери бөлімінің жауынгерлерімен және патриоттық клуб мүшелерімен бірге сап түзеді. Жастарға қажетті құрал-жабдықтары салынған армиялық сөмкелер салтанатты түрде табыс етілді.
Салтанатты жиынның жарқын сәттерінің бірі – «Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық ұйымының Ақмола облыстық филиалы төрағасының сөз сөйлеуі болды:
«Сағадат Нұрмағамбетовты, Рақымжан Қошқарбаевты және жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинді ұмытпаңыздар. Олар – ерлік пен Отанға адалдықтың мәңгілік үлгісі. Отан алдындағы борыштарыңды аман есен өтеп келулеріңе тілектеспін», – деді запастағы полковник.
Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары да қатысты.
«Сіздер – еліміздің қорғаушыларысыздар. Бізді тек жақсы хабармен қуантуларыңызды тілейміз. Аман-есен оралыңыздар. Біз сіздермен мақтанамыз», – деді сарбазын шығарып салып тұрған анасы Алтынай Ақшалова көз жасын жасыра алмай.
Жас жігіттер үшін бұл жауапкершілік емес, абырой саналды. Атбасарлық 19 жастағы Байбарыс Хасен өз ойымен бөлісті.
«Мен үшін Қазақстан әскерінің бір бөлшегі болу үлкен мақтаныш. Аналарымызды, балаларымызды, халқымызды қорғау біздің міндетіміз. Батырларымыздың жауынгерлік рухын сақтап, Отан алдындағы борышымды адал атқаруға дайынмын. Мен Азаматтық қорғау көпсалалы колледжін аяқтадым, әскерге өз еркіммен кетіп барамын. Қызметтен соң мамандығым бойынша – құтқарушы болып жұмыс істегім келеді», – деді ол.
Шара аясында патриоттық тәрбиенің дамуына үлес қосқан 10 ақмолалық мұғалімдер, шақыру комиссиясының қызметкерлері және қоғам белсенділері алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар мен жас сарбаздар 35 ағаш отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен Отан қорғаушыларының жаңару символы.
В Кокшетау прошла торжественная акция «День призывника» у памятника воинам-афганцам. Это событие стало важной вехой для 35 юношей из Акмолинской области, отправляющихся на срочную службу в бригаду противовоздушной обороны войсковой части 44813.
Церемония началась с возложения цветов и минуты молчания в память о павших воинах. В этом году акция была приурочена сразу к нескольким значимым датам — 80-летию Победы в Великой Отечественной войне, 110-летию со дня рождения Героя Советского Союза, писателя и учёного Малика Габдуллина, а также 100-летию со дня рождения Алии Молдагуловой.
Заместитель акима Акмолинской области Досулан Айтбаев, открывая мероприятие, подчеркнул, что служба в армии — это не только долг, но и честь:
«Сегодня мы провожаем наших юношей на срочную службу. Это большая честь — носить форму Вооружённых Сил Казахстана. Ваша задача — с достоинством представлять наш регион. Благодаря службе таких ребят, как вы, казахстанцы могут воспитывать детей, трудиться и жить в спокойствии. Желаю вам крепости духа и мужества на этом важном пути».
Будущие солдаты выстроились в строю вместе с учащимися военно-технической школы, военнослужащими части 5510 и членами военно-патриотических клубов. Призывники получили армейские вещмешки с необходимым снаряжением, которые им вручили в торжественной обстановке.
Одним из ярких моментов церемонии стало выступление председателя областного филиала РОО «Ветераны Вооружённых Сил».
«Не забудьте образы Сагадата Нұрмагамбетова, Рахымжана Қошкарбаева и нашего земляка Малика Габдуллина. Пусть они навсегда останутся в вашей памяти как символы мужества и верности Родине», — напомнил молодым солдатам о великих героях прошлого полковник запаса.
Среди гостей — матери, отцы и родные призывников.
«Вы — защитники нашей страны. Пожалуйста, радуйте нас добрыми вестями и возвращайтесь живыми и здоровыми. Мы гордимся вами», — выступила Алтынай Акшалова, провожающая сына на службу, не скрывала волнения.
Самих новобранцев не пугала ответственность — напротив, звучали слова готовности и гордости.
«Для меня это большая честь — стать частью армии, защищать матерей, детей, свой народ. Мы готовы хранить боевой дух наших героев и с честью нести службу на благо Казахстана. Я окончил Многопрофильный колледж гражданской защиты и добровольцем отправляюсь на службу. После планирую продолжить работ по полученной специальность – стать спасателем!», — поделился призывник из Атбасара 19-летний Байбарыс Хасен.
В рамках мероприятия 10 акмолинцев — преподаватели, сотрудники призывных комиссий и общественные деятели — были отмечены благодарственными письмами за вклад в патриотическое воспитание молодёжи.
В завершение акции участники вместе с призывниками посадили 35 деревьев. По словам организаторов, это не только часть экологической инициативы «Таза Қазақстан», но и символ преемственности поколений и роста новых защитников Родины.