День: 05.05.2025

Ақмола облысында өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 30 адамға айыппұл салынды 🔥Жыл басынан бері Ақмола облысында 232 өрт тіркелді. Өрттің негізгі себебі әлі күнге дейін адами фактор болып табылады — өртті абайсыз пайдалану және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. 🌳Биыл облыс аумағында 8 орман өрті және 128 құрғақ шөптің өрті тіркелді. Өрт қауіпті маусымның өткен кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 39 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 30-ына айыппұл салынды. 🚨Өрт қауіпті маусымның басталуымен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп үнемі профилактикалық рейдтер жүргізеді. Аралау барысында саяжай және бау-бақша учаскелерінің тұрғындарына өртке қарсы қауіпсіздік шаралары, ашық отты пайдалану тәртібі және бұзушылықтар…
Подробнее