
Ақмола облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы міндеттер талқыланды Облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Тлепберген Айкенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі міндеттері мен бағыттарын баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. «Бұл – уақтылы әрі әділетті шешім. Ол кәсіподақтар, үкімет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайтып, миллиондаған қазақстандық үшін лайықты еңбек жағдайын жасауға бағытталған ортақ мақсатқа жол ашады», – деді Айкенов. Оның айтуынша, нақты сектордың дамуы білікті жұмысшы кадрларсыз мүмкін емес. Алайда бүгінде қол еңбегімен байланысты мамандықтардың қоғамдағы беделі төмендеген. Жастар мұндай мамандықтарды сирек таңдайды, ал жағдайды тек жекелеген шаралармен өзгерту қиын. «Адам тек экономикалық емес, әлеуметтік…