Ономастика - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Бүгінгі таңда ономастика – қазақ тілінің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, ерекше жүйе ретінде қаралып, қолданысқа енді. Мемлекеттік бағдарламада ономастика мәселесіне қатысты маңызды индикатор бар. Ол – ономастикалық комиссияның шешім қабылдауы барысында тұрғындар арасында қоғамдық қолжетімділікті орнатып, ашықтық қағидаттарын сақтау. Жер, су атаулары біздің тарихымыздың айғағы…