ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖАҢАРУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ

 

 

Ономастика — тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады.

Бүгінгі таңда ономастика – қазақ тілінің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, ерекше жүйе ретінде қаралып, қолданысқа енді. Мемлекеттік бағдарламада ономастика мәселесіне қатысты маңызды индикатор бар. Ол – ономастикалық комиссияның шешім қабылдауы барысында тұрғындар арасында қоғамдық қолжетімділікті орнатып, ашықтық қағидаттарын сақтау.

Жер, су атаулары біздің тари­хымыздың айғағы болып табылады. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Едәуір дәрежеде келешегіміздің де көрінісі. Өткен­нің ізі сайрап жатқан жеріміз талай заманның жаңғырығын осы атау­лар арқылы бізге жеткізгені анық. Бүгінде егемен ел болып, қабырғамыз қатайған кезде сол жоғымызды іздей бастадық. Дәлірек айтқанда, ел болып ата-бабамыздан қалған тарихи топонимикамызды қай­та қалпы­на келтіру ісіне кірістік.

Біздің ауданымызда да елді мекендердің аттарына байла­ныс­ты тарихи әділеттілікті қалпына келтіруде, көше ат­тарын қазақыландыруда бірсы­пыра жұмыс атқарылып жа­тыр. Мәселен, 2022 жылы аудандағы тоғыз ауылдың он бес көшелерінің атауы толықтай дәстүрлі қазақы танымға сай сәйкестендірілді.

Атаулары өзгертілген ны­сан­дарға халқымыздың белгілі тұлғаларының есімдері берілмек, олардың арасында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қорқыт ата, Бөгенбай батыр, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин және т.б.

Біз, бүгін, осы жер-су (топонимикалық) атауларының шығу тарихына тереңірек үңілсек, онда үлкен сыр жатқанын білеміз. Ендеше, ескі атауларды қалпына келтіру тарихи әділеттілікті орнату деген сөз. Міне, сондықтан да, ономастика мәселесі үлкен мән беруді талап етеді.  Тәуелсіздігімізге тәубе дей отырып, аудан аумағындағы тоталитарлық дәуірлерден қалған атаулардан біртіндеп арылту, құндылықтарымызды тануға һәм танытуға бағытталған, ұлттық, мемлекеттік мұраттарды ұлықтауға, өнеге етуге, насихаттауға арналатын әрі іргелі, әрі өміршең жұмыс екенін атап айтқым келеді. Ендеше, осындай маңызды шаруада жауаптылық пен тиянақтылық таныту баршамыздың міндетіміз.

лімізде көше, жер-су аттарын қазақыландару уақыт өткен сайын біртіндеп оң шешім тауып келеді. Кеңестік заманда орысша атауларға ие болған елді-мекендер бүгінде бұқаралық сипат алып, халық бастамасымен өзгеріске ұшырап жатыр. Ал, 2013-ші жылы «ҚР ономастика туралы» заңына бірқатар өзгертулер мен толтықтырулардың енгізілуі осы салаға тың серпін берді. Ономастиканың құзыреті нақтыланды. Критериийлері белгіленді.

Ешкімге белгісіз немесе дәуір үнімен үндеспейтін атаулардан гөрі, ел ертеңі үшін тер төккен танымал тұлғалардың есімдерін ескерген жөн. Оларға деген құрмет — өзімізді сыйлағанымыз. Хош, халқымыздың табиғатына тән, менталитетіне сай атаулардың қолданыс аясын кеңейту рухани жаңғыруымызға жол ашады

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также