Ономастика — мемлекеттік идеологияның бір тірегі

      «Жалпы ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Ономастика бұл- ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл- мемлекеттің шаруасы!»-деп Мемлекетбасшысы атап көрсеткендей, ономастика — елді мекендердің, өзендердің, көлдердің және т.б. ежелгі, ата-баба атауларынан тұратын ел мен халықтың тарихы, мәдениеті, ұлттық ерекшеліктері.    

        Жұртшылық қызығушылық танытатын, өзекті мәселенің бірі – ономастика, көшелерді атау, қайта атау жұмыстары. Шынында, тарихтың қыр-сыры көп жағдайда атаулармен ашылады. Демек, ономастика, атауларды халықтың тарихымен, тағдырымен тамырлас ұғым деп айтуға болады.

       Туған өлкеміздегі жер-су, елді мекен атауларының отаршылдық-тоталитарлық дәуірлерде қандай өзгерістерге түскені бізге тарихтан белгілі. Біз, бүгін, осы жер-су (топонимикалық) атауларының шығу тарихына тереңірек үңілсек, онда үлкен сыр жатқанын білеміз. Ендеше, ескі атауларды қалпына келтіру тарихи әділеттілікті орнату деген сөз.

        Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасындағы ономастика мәселелері бірінші орынға шықты. Ежелгі заманнан бері халық өз атауларын елді мекенге, рельефке, аймаққа, өзендерге және т.б. қандай да бір оқиғамен немесе себептермен берген, сол арқылы ауданның немесе өлкенің тарихын жасады, өзінің шежіресін жазды. Сондықтан атаулар тарихи мағынаны сақтайды, ономастиканың ұлттық мәдениеттің дамуындағы, халықтың менталитетінің ерекшеліктерін сақтаудағы рөлі байқалады.

       Ономастика саласының барлық жетістіктері мен кемшіліктерін әйгілейтін құжат – ол Қазақстанның және облыстардың әкімшілік-аумақтық карталары. Бұрын Кеңес Одағы тұсында Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы Ресейдің картасына ұқсайтын, себебі жер-су, елді мекен атауларының басым бөлігі өзге тілде болатын. Еліміздің картасы да өзге тілде жасалатын. Енді Қазақстанның картасын қазақ тілінде жасайтын уақыт келді. Ол үшін, байырғы жер-су атауларымызды қайтару бүгінгі күннің басты міндеті! Еліміз егемендік алғалы Қазақстанның картасы да едәуір өзгеріп, қазақшаланып келеді. Дегенмен, еліміздің солтүстік, шығыс, орталық облыстарында орысша атаулар әлі де сіресіп тұрғаны картадан байқалады.

       Ұлттық ономастика жай тарихи-мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси маңызды мәселе болып отыр.

 

«Жақсы ауданының ішкі саясат,

                                                                                                                               мәдениет, тілдерді дамыту

                                                                                                                         және спорт бөлімі» ММ

                                                                                                                басшысының м.а.

                                                                                                         А.Торткарина

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также