Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді сақтау керектігін еске салады
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Қордың көрсетілген медициналық қызметтерүшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық көлемде жүзеге асырады. Медициналық ұйымдар мен олардың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлемді талап етеді. Сол себепті төлемге ұсынылған сома шартта көзделген айлық көлемдерден айтарлықтай асып түседі. Өз кезегінде Қор бюджетте көрсетілгенмөлшерден артық соманы төлей алмайды. Осы тұрғыда жасалған шарттар бойынша сомалардың асып кету фактісі медициналық ұйымдардың және олардың бірлесіп орындаушыларының шығыстарын зерделеуге, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігі, шынайылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып саналады. Медициналық…