Ұлтшылдықты ұлттық өзімшілдікпеншатастыруға болмайды – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанхалқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясыныңотырысында ұйымның құрамы үнемі жаңартылыпотыраатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

«Әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстар ұлттықтәкаппарлықтан, басқа этнос өкілін жақын және досретінде көргісі келмеуден туындайды. Ешқандайжағдайда нағыз патриотизмді Ұлттық өзімшілдікпеншатастыруға болмайды. Сондықтан біз әрі қарай да Ассамблеяны дамытып, жұмыс әдістерін жетілдіреміз, оның құрамын үнемі жаңартып отырамыз», — дедіМемлекет басшысы.

Президенттің пайымынша, қазақ даласында баршақазақстандықтардың еркін өмір сүруіне жер жетеді.

«Бізбір жердің перзенттеріміз, бір халықтыңұлдары мен қыздарымыз! Ұлы даланың шексізкеңістігінде бәрімізге орын жетеді. Қазақстанныңболашағы, балаларымыздың тағдыры, ата-бабаларымыздың мұрасы біздің қолымызда. Бізуақыттың кез келген сынағын қасқайып қабылдаймыз.

Әрбір отандасымнан мен шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтық жауапкершіліктің, іске адалкөзқарастың үлгісін көремін», — деді Президент.

Сондай-ақ, Президент сепаратизм қаупі туралы ой қозғады.

 

 

https://www.inform.kz/kz/ultshyldykty-ulttyk-ozimshildikpen-shatastyruga-bolmaydy-memleket-basshysy_a4061650

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также