«Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба.

«Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба. Ол өткен жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бастау алған еді.

Аталмыш жоба аясында онлайн-ресурс әзірленіп, арнайы сайтта 2014 жылдың 9 мамырынан бастап бүгінге дейін Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің ерлігін суреттейтін 3,5 мың оқиға жарияланды.

Сайтқа кез-келген адам өз ата-әжелерінің ерлігі туралы мәліметті жүктей алады. Соның арқасында сайт басқа оқырмандарға іздеу қызметі арқылы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің аты-жөні арқылы керек адамын тауып, оның ерлігі туралы мәлімет алу мүмкіндігін сыйға тартып отыр.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, әрі ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.

Өз мәліметіңізді batyrlargatagzym.el.kz/ сайтына жүктей аласыз.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также