admin

4369 Posts
⚡️Мемлекет басшысы: «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды,…
Подробнее
⚡️Мемлекет басшысы: «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс. Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз». t.me/aqorda_resmi
Подробнее
⚡️Президент: «Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны – бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды. Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ бұл – тек біздің…
Подробнее
⚡️Президент: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді. Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық. Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент,…
Подробнее
*Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды* АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, жаңа жеңілдетілген несие жүйесін енгізуді ұсынды. Кеше Н. Сабильянов, О. Сәбденов, Ж. Құлекеев, Қ. Арыстанбеков, А. Күрішбаев сынды қоғам қайраткерлері Құрылтайдың 21 мүшесі экономикалық даму секциясын өткізген. Секцияда экономикаға қатысты аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама көтерілді. — Бүгінгі жиын арқылы ел ішіндегі бірқатар түйткілді мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикада өсімді қалыптастыру. Қазір банктер кәсіпкерлікке несие беру кезінде 25 пайыздық мөлшерлеме қолданады. Бұл…
Подробнее
*Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды* ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды. - Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, - деді ол. Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын…
Подробнее
*Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші* Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бала құқығын қорғаудағы шаралар бір арнаға тоғыстырылып жатқанын айтты. - Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді, - деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ ол, жуырда Үкімет қаулысымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті. - Өткен жылдың қараша айында Президенттің…
Подробнее
*В Кызылорде на Нацкурултае обсудили новые подходы к поддержке бизнеса* Член Национального курултая, депутат Мажилиса Парламента РК Нуртай Сабильянов заявил о необходимости повысить эффективность государственных программ поддержки бизнеса за счет активного привлечения частных инвесторов. По его словам, не менее 25% финансирования таких программ должно обеспечиваться за счeт частного капитала — через банки и институты развития. При этом государству важно сохранять контроль над результативностью предоставляемой поддержки. – Эффективность мер поддержки необходимо отслеживать через цифровые платформы и ежегодно анализировать их экономическое воздействие. Поддержка бизнеса должна приносить возврат государству, — подчеркнул депутат. @kazinform_news
Подробнее
*Ерлан Карин: По итогам курултая в Бурабае принято 6 законов и начата работа над 10 законопроектами* В ходе V Национального курултая, проходящего в Кызылорде, Государственный советник Ерлан Карин остановился на ключевых итогах курултая, состоявшегося в Бурабае. — После четвертого заседания Национального курултая в Бурабае в целях исполнения поручений Главы государства был утвержден специальный план из 53 пунктов. В соответствии с этим планом велась работа по нескольким направлениям. В частности, при поддержке депутатов Парламента в прошлом году было принято шесть законов, — отметил он. Государственный советник напомнил, что данные законы были направлены на обеспечение безопасности детей, ограничение распространения противоправного контента, систематизацию…
Подробнее