Ақмола облысында АИТВ-мен өмір сүретін науқастардың 90 пайыздан астамы қоғам үшін қауіпсіз Бүгінде АИТВ диагнозы үкім емес. Ол ұзақ әрі сапалы өмір сүруге болатын созылмалы аурулар қатарына енді. Ең бастысы — емді уақытылы бастау. Өңірде мұндай ем әр адамға қолжетімді. «Ем — алдын алу құралы» қағидаты қалай жұмыс істейтіні және неге бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қоғамға қауіп төндірмейтіні туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Нұрлан Ахильбеков пен бөлім меңгерушісі Сандуғаш Бұрмағанова айтып берді. Қазіргі таңда облыста АИТВ мәртебесі бар шамамен 1,2 мың адам тұрады. Олардың басым бөлігі мемлекет тарапынан тегін медициналық…
Май
12
2026
