Мемлекеттік аппарат реформалардың орындаушысы
Елімізде мемлекеттік аппараттың әлдеқайда бейімделгіш, ұтқырлы және бәсекеге қабілетті моделін құруға бағытталған ауқымды шаралар тұрақты негізде қабылдануда. Бұл өзгерістер - қазіргі заман талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында мемлекеттік аппараттың рөліне берген бағасы осының айқын бір дәлелі: «Мемлекеттік аппарат реформалардың қозғаушы күші және орындаушысы, азаматтарға маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз етеді. Мемлекет мемлекеттік аппаратсыз өмір сүре алмайды». Оның үстіне Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесін одан әрі дамытып, артық бөгеттерді жоюға және қызмет бойынша көтерілуге зор назар аударылу керектігін ескертті. Жалпы мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін…