![«Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба.](https://zhvestnik.kz/wp-content/uploads/2023/05/c89e0c82-f8cb-4143-95d5-07d84d1955e2-800x500.jpeg)
«Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба.
"Батырларға тағзым" - Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба. Ол өткен жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бастау алған еді. Аталмыш жоба аясында онлайн-ресурс әзірленіп, арнайы сайтта 2014 жылдың 9 мамырынан бастап бүгінге дейін Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің ерлігін суреттейтін 3,5 мың оқиға жарияланды. Сайтқа кез-келген адам өз ата-әжелерінің ерлігі туралы мәліметті жүктей алады. Соның арқасында сайт басқа оқырмандарға іздеу қызметі арқылы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің аты-жөні арқылы керек адамын тауып, оның ерлігі туралы мәлімет алу мүмкіндігін сыйға тартып отыр. Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, әрі ардагерлердің туыстарына соғыстан…