Аяла Мереке пара дзюдодан әлем чемпионатында күміс алды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында бүгін, 14 мамырда Аяла Мереке (70 келі) күміс медаль алды.

J2 санаты бойынша финалда ол 2 дүркін Паралимпиада чемпионы Алана Малдонадоға (Бразилия) жеңілді.

Аяла жартылай финалда ол жапон балуаны Ацуми Нишимураны таза жеңген еді.

Сондай-ақ енді аталған санатта Жұрқамырза Шүкірбеков (95 келіден жоғары) финалда күреседі.

Ол 1/2 финалда Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, грузиялық балуан Реваз Чикоидзені ескерту саны бойынша ұтып, финалға жолдаманы қалтаға басты.

Еске салсақ, әлем чемпионатында 13 мамырда отандастарымыз 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

J2 санатынан Бексұлтан Құлмырза (81 келі) алтын алса, Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталған санат бойынша Ерғали Шамей (81 келі), Айназ Құралова (46 келі) қола жүлдегер болды.

Сондай-ақ J2 санаты бойынша Даяна Федосова (60 келі) үздік үштіктен көрінді.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.

Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлерде 64, әйелдерде 46 келі) жүлде сарапқа салынады.

https://kaz.inform.kz/news/ayala-mereke-para-dzyudodan-alem-chempionatinda-kums-aldi-662515/

By admin

Читайте также