Мемлекет басшысы:

«Мемлекет ауыл еңбеккерлерін қолдауды барынша күшейтті. Былтыр күзде 27 миллион тонна астық жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік.

Кәсіпкерлікті дамытуға әрдайым баса назар аударылады. Тұрғын үй құрылысының қарқыны едәуір өсіп, былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл да – бұрын-соңды болмаған жетістік.

2019 жылдан бері елімізде 250-ден астам жатақхана салынды. Соның нәтижесінде орын тапшылығы 6 есе қысқарды. Студенттер саны ұдайы көбейіп, жоғары оқу орындарында 624 мың азамат білім алып жатқанына қарамастан, осыған қол жеткізе алдық.

Еліміздің 90 мыңнан астам азаматы шетелде оқиды. Бұл біздің қоғамның ашықтығын көрсетеді. Азаматтарымыз демалу үшін шетелге жиі шығатын болды. Біздің көк төлқұжатымыз әлемдегі 92 мемлекеттің аумағына визасыз емін-еркін кіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан – халықаралық аренада зор құрметке ие мемлекет, біздің елімізді «орта держава» деп атайтын болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық орталығын ашу туралы қарар қабылдады. Осы шешім еліміздің әлемдегі ықпалы мен беделі зор екенін аңғартады»

t.me/aqorda_resmi

 

Глава государства:

«Государство значительно усилило поддержку аграриев. Прошлой осенью были собраны рекордные 27 миллионов тонн зерна.

Постоянное внимание уделяется развитию предпринимательства. Значительно увеличились темпы жилищного строительства, объем которого в прошлом году достиг беспрецедентных 19 миллионов квадратных метров жилья.

С 2019 года в стране построено более 250 студенческих общежитий, что позволило сократить дефицит мест в 6 раз. И это на фоне роста количества студентов, сейчас в отечественных вузах обучается 624 тысячи человек.

Свыше 90 тысяч наших граждан учатся за рубежом, что подчеркивает открытость нашего общества. Казахстанцы стали чаще выезжать за границу на отдых. Наш национальный бирюзовый паспорт позволяет его обладателям без получения виз пересекать границы 92 государств.

Наша страна пользуется уважением на международной арене, Казахстан называют «средней державой». Недавно Генеральная Ассамблея ООН приняла резолюцию об открытии в Алматы Регионального центра по Целям устойчивого развития для стран Центральной Азии и Афганистана. Это свидетельство влияния и авторитета нашей страны в мире»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также