Президент:

«Осы орайда, мен көрнекті қаламгер Төлен Әбдіктің жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын атап өткім келеді. Жазушы «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп, орынды пікірін айтты. Осы жерде айтарым: өз ұлтыңды өзгелерден биік қою түптің түбінде жарға жығады. Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ артық та емес деп айтуымыз керек.

Қазақ халқын данышпан деп айтсақ, қателеспейміз. Дегенмен дүние жүзінде данышпан халықтар аз емес. Бұл да – ақиқат. Мұндай пікір кейбір адамға ұнамауы мүмкін. Алайда көпшіліктің көңілінен шығамын деп, тура сөзден жаңылуға болмайды. Шын мәнінде әр ел басқа жұрттан даму деңгейіне қарай озбақ.

Жалпы біз төл тарихымызға көкжиегі кең, тамыры терең өркениеттік көзқараспен қарауымыз керек. Бұл – өте маңызды. Сонда ғана халқымыздың өткеніне, бүгіні мен болашағына мүлде жаңа көзқарас пайда болады»

t.me/aqorda_resmi

 

Президент:

«Здесь хотел бы отметить интервью известного писателя Толена Абдика, опубликованное в начале года в газете «Егемен Қазақстан». Он особое внимание обратил на наш давний императив «не будь только сыном своего отца – будь человеком» («Атаның баласы болма, адамның баласы бол»). Тут я хочу сказать следующее: ставить свою нацию выше других – путь, который в конечном итоге ни к чему хорошему не приведет. Наш народ не хуже других – это истина, но мы должны говорить, что и не лучше других.

Мы не ошибемся, если скажем, что наш народ гениальный. Но в мире немало гениальных народов, что тоже является истиной. Возможно, такое мнение кому-то не понравится. Однако, как бы там ни было, о таких вещах надо говорить прямо, не искажая реальность в угоду кому-либо. На самом деле любой народ, каждая страна, следуя по пути прогресса, способны добиться впечатляющих успехов в развитии.
В целом, нам крайне необходим панорамный цивилизационный взгляд на историю, который на концептуально новом уровне соединит наше прошлое, настоящее и будущее»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также