Блогер Е.Сеитахмет АЭС-қа қатысты фейктерді атады

Референдумнің өтуіне 1 аптадан сәл астам уақыт қалды

 Adal Adam 27.09.2024 | 20:45
Блогер Е.Сеитахмет АЭС-қа қатысты фейктерді атады

 Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда орын алған бұған дейінгі оқиғалар секілді АЭС мәселесі де біршама фейктерге толып қалды, деп жазды Е.Сеитахмет өз фейсбук парақшасында.

Ол осы ретте солардың ең танымалын жарияланды жөн көрген.
1. «МАГАТЭ қабылдаған есептеулер бойынша, 1000 МВт реактор 50 м3/с жылдамдықпен суды тұтынады – 5 миллион халқы бар қаланың тұтынатынымен бірдей».
2. «Атом электр станциясын пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде түзілетін қатты радиоактивті қалдықтардың мөлшері 130 000 м3-ге дейін жетеді — бұл 650 000 бөшке!
3. «Ертең светтің бағасы 1 кВт/сағат үшін 120 теңге болып кетеді».
4. «АЭС қосылса Балқаштың суы 324 градусқа дейін қайнайды екен. Сонда көлден не қалады?»
5. «Бір сағатта 200 мың тонна суды пайдаланады екен!»
6. «Егер АЭС апаты орын алса радиоактивті бөлшектер Қазақстан аумағының 30-50%-ына таралуы мүмкін»

— «Бұдан бөлек референдумды әділ өтпейді деп айтып, елді митингке шақырып жатқандар да бар. Қазіргі референдум ел тарихындағя алғашқы саяси емес тақырыптағы референдум. Сондықтан, экономикалық мәселеге салқынқанды, рационал ойлап, ел болашағы үшін дұрыс шешім шығаруға шақырамыз», — деп тұжырымдады ол жазбасын.

By admin

Читайте также