День: 18.06.2026

⚡️Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды «Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар. Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды».
Подробнее

⚡️Президент: «Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді»

«Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық. Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды. Бұл адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды».
Подробнее

⚡️Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді

«Қазір біз бәріміз Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалуда. Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын. Бұл – жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру. Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты. Саяси науқан барысында халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық». t.me/aqorda_resmi
Подробнее

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын деймін. Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина мамандарын алғаш рет Ақордаға шақырып, құрмет көрсеттік. Биыл да игі дәстүрге сай өздеріңізді осы жерде көргеніме өте ризамын. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз. Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина…
Подробнее
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. **** Сегодня в Акорде состоялось торжественное мероприятие по случаю Дня медицинского работника В своем выступлении Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил врачей с профессиональным праздником. t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Спасибо каждому медицинскому работнику за самоотверженный труд, терпение и заботу о людях. Ваши знания, опыт и неравнодушие помогают преодолевать болезни, возвращают надежду и спасают жизни. Вы ежедневно доказываете, что медицина — это не только профессия, но и настоящее призвание.
Подробнее
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Подробнее
Адам өмірі мен денсаулығын сақтауға аянбай еңбек етіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің біліктіліктеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз мыңдаған адамға үміт сыйлап, өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Медицина – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен адал қызметтің үлгісі.
Подробнее
21 июня отмечается День медицинского работника — праздник людей, которые ежедневно стоят на страже здоровья и жизни граждан. Профессионализм, ответственность и преданность своему делу врачей, медсестер, фельдшеров и всех работников здравоохранения заслуживают глубокого уважения. Благодаря вашему труду тысячи людей получают необходимую помощь, поддержку и надежду. Поздравляем всех медицинских работников с профессиональным праздником! Желаем крепкого здоровья, благополучия и новых успехов в благородной миссии служения людям.
Подробнее
21 маусым – Медицина қызметкерлері күні. Бұл – адам өмірі мен денсаулығын қорғауды басты міндеті еткен жандарға көрсетілетін құрмет күні. Дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер және денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері кәсібилігімен, жауапкершілігімен және жанашырлығымен қоғамның зор сеніміне ие. Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, амандық және игілікті еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Подробнее