Месяц: Май 2026

🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. – Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатқанын жеткізді 🟦Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. 🟦Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 🟦Қазақстанның 14 мыңға жуық азаматы Түркияда оқиды, ал 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда. 🟦Жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркиядағы Гази университетінің филиалы өз жұмысын бастады. 🟦Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр. 🟦Мемлекет басшысы бұл бағытта әлі де көптеген мүмкіндік бар екенін алға тартып, түрік бауырларымызды…
Подробнее
Кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастыққа айрықша мән берілді 🟦Былтыр екі елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 25 пайыздан асып, 360 миллион долларға жуықтаған. 🟦Бірқатар инвестициялық жоба іске асып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Agro қолға алған глютен мен крахмал өндірісін, Alarko Holding салып жатқан жылыжай кешенін мысалға келтірді. 🟦Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды. 🟦Жиында қазіргі геосаяси жағдайда көлік-логистика саласының стратегиялық маңызы арта түскеніне назар аударылды. 🟦Мемлекет басшысы бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне өзге елдердің қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталып, түрік компанияларын Құрық, Ақтау порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуды көздейтін жобаларға…
Подробнее
Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады 🟦Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқан. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды. 🟦Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 630 миллион доллардан асады. 🟦Бұл ретте Мемлекет басшысы екі елдің қаржы орталықтары мен цифрлық сауда платформалары арасындағы серіктестіктің, сондай-ақ бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақ-түрік бизнес-форумының нәтижесі сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсетініне сенім білдірді. t.me/aqorda_resmi
Подробнее
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді 🟦Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты. – Қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мемлекетаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастығымыз да жоғары деңгейде. Түрік делегациясының құрамында бір топ депутаттың және партия мүшелерінің болуы – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар екі елдің экономикалық ынтымақтастығы күшейе түсті. Түркия ірі инвесторларымыздың қатарына…
Подробнее
🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қазақстан Президенті Түркия басшысына ілтипат көрсетті. – Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүздескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ. Қош келдіңіз! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми…
Подробнее
🇰🇿🇹🇷Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Ақмола облысында жылу желілерінің тозу деңгейі жаңа жылыту маусымына қарай 35%-ға дейін төмендейді Өңірдегі өткен жылыту маусымы штаттық режимде аяқталып, 50 мың абонент үшін жылумен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде облыс бойынша желілердің орташа тозу деңгейі 2%-ға төмендеді, ал келесі қысқа қарай бұл көрсеткішті 35%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы және іске асырылатын жобалар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтияр Жапаев баяндады. 2026–2027 жылдардағы жаңа маусымға дайындық жұмыстары қазірдің өзінде басталған. Жоспарға сәйкес 36 шақырымнан астам жылу желілерін қайта жаңарту және бес ірі нысанды…
Подробнее
Износ тепловых сетей Акмолинской области снизится до 35% к новому отопительному сезону Прошедший отопительный сезон в регионе завершился в штатном режиме, позволив улучшить качество теплоснабжения для 50 тысяч абонентов. Благодаря проведенным ремонтам средний износ сетей по области уже снизился на 2%, а к следующей зиме этот показатель планируют довести до 35%. О том, как регион готовится к предстоящим холодам и какие проекты будут реализованы в ближайшее время, на брифинге РСК рассказал руководитель управления энергетики и ЖКХ Бактыбек Жапаев. Подготовка к новому сезону 2026-2027 годов уже началась. В планах - реконструкция более 36 км тепловых сетей и ввод пяти крупных объектов.…
Подробнее
Ақмола облысында мүгедектікті белгілеу рәсімі жеңілдетілді Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде облыста ерекше қажеттілігі бар 30 мыңға жуық адам тұрады. Қызмет көрсетудің заманауи форматтарына көшу және бақылауды күшейту туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Шерьязданов мәлімдеді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – медициналық-әлеуметтік сараптаманы жаңғырту болды. Енді мүгедектікті растау үшін мекемелерге жеке барудың қажеті жоқ. Қызмет сырттай-проактивті форматта көрсетіледі. Барлық қажетті мәліметтер жүйеге электронды түрде түседі, бұл қағазбастылық пен мекемелерді аралап жүруді болдырмайды. «Сырттай формат қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін…
Подробнее