Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 сәуіріне 26,82 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,08 трлн теңгеге немесе 17,9%-ға өсті. 2026 жылдың 1 сәуірінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,12 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,25 трлн теңге (14,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 741,14 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,4%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,1% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі – 10,09 млрд теңге. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024…
Май
06
2026
