Щучинск қаласының прокуратурасы оқушылар үшін көрсетілімдік сот процесін ұйымдастырды
Аудан прокуратурасы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде оқушылардың қатысуымен көрсетілімдік сот процесін өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар прокурор, қорғаушы және судья рөлдерін атқарып, сот жүйесінің негіздерімен және әділ сот қағидаттарымен тәжірибе жүзінде танысты.
Мұндай формат жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ заңға деген құрмет пен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақмола облысының прокуратурасы
