Шоқыну мерекесі: қандай сақтық шараларын есте ұстаған жөн Ақмола облысында дәстүрлі Шоқыну мерекесінде суға шомылуға арналған 41 ресми орын дайындалды. Жергілікті және төтенше жағдайлар органдары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қарастырды. Бұл туралы Ақмола облысы орыс қоғамдастығының төрағасы Александр Артеменко, Көкшетау және Ақмола епархиясының діни қызметкері, епархия басқармасының хатшысы Валерий Анферов және ТЖ басқармасының орынбасары Диас Әмірханов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жыл сайын 18 мен 19 қаңтар аралығында облыста шомылу рәсіміне арналған іс-шаралар өткізіледі. Қыстың суық кезінде де бұл дәстүрлі шараға жыл сайын 18 мыңнан астам ақмолалық қатысады. Іс-шараларды ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге дайындық…
Янв
15
2025