Год: 2025

Президент: «Бұл – барлық салаға қатысты мәселе. Мысалы, солтүстікке көктем енді келіп жатыр. Қар еріп, елді мекендерді қарғын су басу қаупі туындайды. Былтырғы тасқыннан орталық та, жергілікті билік те тиісті қорытынды жасады деп ақпарат алып отырмын. Жаз шыққан соң өрт қаупі күшейеді. Табиғат апаттарының алдын алу, сақтану шаралары үнемі назарда болуы керек» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Это касается всех сфер. В частности, с наступлением весны в северных регионах тает снег, возникают риски затопления населенных пунктов. Думаю, центральные, и местные власти сделали выводы из прошлогодних паводков. С наступлением лета усиливается пожарная опасность. Поэтому необходимо постоянно держать на контроле мероприятия по профилактике стихийных…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Аймақтардың дамуындағы алшақтықты жою үшін нақты стандарттарға сүйене отырып экологиялық көрсеткіштер, инфрақұрылым, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да маңызды өлшемдер бойынша артта қалған өңірлерді анықтау қажет. Орталықтың күш-жігерін осындай алшақтықты жоюға жұмылдыру керек. Сол үшін қазір Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжатта аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған тың тәсілдер қарастырылады. Өңірлердің іс-қимылы нақты салаға жауапты мемлекеттік органдардың республикалық деңгейде атқарып жатқан іс-жұмыстарына сәйкес жүргізілуі қажет. Іс-шаралар үйлесімді болуға тиіс» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Для сокращения разрывов в региональном развитии нужно определить регионы, отстающие по экологическим показателям, инфраструктуре, социальному обеспечению и другим ключевым параметрам.…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Amanat партиясы шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдауды ұсынып отыр. Үкіметке депутаттармен бірге бұл ұсынысты мұқият қарастыруды тапсырамын. Әдетте шекара маңындағы аудандар арқылы маңызды көлік-логистика дәліздері өтеді. Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, мұндай бекеттердің өткізу мүмкіндігі 6 есе артады. Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «Партия Amanat предлагает принять новый закон, нацеленный на развитие таких районов. Поручаю Правительству совместно с депутатами всесторонне рассмотреть эту инициативу. Через приграничные районы, как правило, проходят важные транспортно-логистические маршруты. В текущем году следует завершить модернизацию 9 автомобильных таможенных…
Подробнее
Президент: «Біз 2022 жылы жаңадан үш облыс құрып, осы өңірлердің дамуына күшті серпін бердік. Бұл ақыры дұрыс шешім болды. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер едәуір артты, аймақтарға инвестиция келе бастады. Соның арқасында жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасы да жақсара түсті. Дегенмен Үкімет жаңа облыстардың ахуалын бақылауда ұстауға тиіс. Оларға көмектесу қажет. Менің тапсырмаммен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында шекара маңындағы бірнеше аудан қалпына келтірілді. Мұны жұрт өте жақсы қабылдады. Жаңа аудандарда тіршілік жанданды, инфрақұрылым жақсара бастады. Ауылды дамыту тұжырымдамасында шекаралық аумақтарға қатысты жұмыстың негізгі бағдары айқындалған. Шеткері жатқан елді-мекендердің ахуалы ел іргесінің бекем болуына тікелей әсер етеді. Бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Алдағы төрт жыл ішінде елімізде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жоба іске қосылып отырады. Осы арқылы біз мемлекеттің жаңа индустриялық қалыбын жасап, көлік-транзит әлеуетін нығайта түсеміз. Біздің мемлекетімізге ірі инфрақұрылымдық жобалар өте қажет. Ауқымды жобалар аймақтардың экономикалық мүмкіндігін арттырады. Мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Жалпы айтқанда, ірі жобаларды жүзеге асыру – еліміздің осы аймақтағы көшбасшылық рөлін арттыратын бірден-бір жол» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «В течение следующих четырех лет в стране каждый год будет запускаться около 200 инвестиционных проектов. Таким образом мы сформируем новый индустриальный каркас, укрепим транзитно-транспортный потенциал нашей страны. Крупные инфраструктурные проекты…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы тұста тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялағым келеді. Мен Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба. Бұдан бөлек Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады. Сондай-ақ орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді. Елімізде машина жасау, металлургия, мұнай-химия, агроөнеркәсіп және көлік-логистика салаларында мұндай жобалар аз емес» t.me/aqorda_resmi…
Подробнее
Президент: «Откроются автомобильные заводы в Алматы и Костанайской области. Закончится строительство железнодорожного участка «Достык – Мойынты» и обводной линии станции Алматы, начнется новый проект «Кызылжар – Мойынты». Будет достроен контейнерный хаб на побережье Каспийского моря в Актау. Заработает международный аэропорт на территории СЭЗ «Хоргос – Восточные ворота», появятся аэропорты в курортных зонах Зайсан, Катон-Карагай и Кендерли. Будет проложена волоконно-оптическая линия связи по дну Каспийского моря, что позволит создать цифровой коридор между Европой и Азией. Большое значение имеет развитие автодорожной сети страны» t.me/aqorda_resmi    
Подробнее
Касым-Жомарт Токаев: «На площадке Национального курултая мы традиционно принимаем важные решения не только по социальным и культурно-гуманитарным вопросам, но и разрабатываем актуальные приоритеты по другим направлениям развития государства. На текущем этапе первостепенные задачи государства – это создание новых точек экономического роста регионов и устранение дисбалансов в региональном развитии. В этом году финансирование реального сектора экономики планируется увеличить почти в два раза, до 8 триллионов тенге. В последующие годы Правительству предстоит довести объемы фондирования реального сектора до 10 триллионов тенге. Речь по-сути идет о беспрецедентных для нашей страны объемах поддержки бизнеса» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Сегодня по всей стране реализуются крупные…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз Ұлттық құрылтайдың отырыстарында үнемі әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық мәселелерге қатысты маңызды шешімдер қабылдап қана қоймай, ел дамуының басқа да бағыттары бойынша басты басымдықтарды айқындаймыз. Аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Биыл экономиканың нақты секторына жұмсалатын қаржы көлемін екі есеге жуық көбейтіп, 8 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алдағы жылдары Үкімет нақты секторға бөлінетін қаржы көлемін 10 триллион теңгеге дейін жеткізуге тиіс. Бұл жерде бизнесті қолдаудың елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралары туралы айтылып отыр» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «На площадке Национального…
Подробнее
Президент: «Көне заманнан келе жатқан көшпенділер дәстүрі елді артқа тартатын емес, болашаққа бастайтын мықты қуат көзі болуға тиіс. Дей тұрғанмен, тарихты аңызға айналдырып, ескі заманның шырмауында қалып қоюға да болмайды. Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет. Ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту – осы жұмыстың бәрін жүйелеу керек» t.me/aqorda_resmi   Президент: «При этом мы не должны мифологизировать свою историю и впадать в архаику. Необходимо комплексно продвигать наше историко-культурное наследие, адаптируя его к реалиям XXI века. Научные исследования, реставрация исторических памятников, проведение археологических раскопок,…
Подробнее