Год: 2025

Касым-Жомарт Токаев: «В то же время нам нужно всегда уделять внимание сохранению чистоты и порядка. С прошлого года в стране проходит акция «Таза Қазақстан», которая получила широкую поддержку граждан и обрела общенациональный характер. Сейчас на улице теплеет и люди организуют субботники, убираются вокруг – это очень нужное дело. Как я уже говорил, «Таза Қазақстан» – не просто акция, она должна стать повседневным образом жизни каждого гражданина и всего нашего народа» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Президент: «Адамзаттың бүлдіргі іс-әрекетінің кесірінен Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз және басқа да ерекше жан-жануарларға қатер төніп тұр. Біз табиғаттың осы бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын. Бұған қоса, біз тағы бір қазынамыз – тазыны халықаралық тізімге енгізе алғанымызды айта кеткім келеді. Аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем біледі» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Нашего пристального внимания требуют каспийские тюлени, розовые фламинго и другие уникальные животные,…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміздің биологиялық әралуандығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды. Кеше жұмыс секциясы кезінде «Ауыл» партиясының өкілдері киіктер туралы мәселе көтергенін білемін. Аймақтардан да осыған қатысты өтініштер-хаттар келіп жатыр. Рұқсатсыз аң аулағандарға жазаны күшейту үшін менің бастамаммен 2019 жылы заңнамалық шаралар қабылданды. Осы және басқа да жан-жақты шаралардың арқасында еліміздегі киік саны күрт артты. Қазір оларға жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ. Бірақ, енді, басқа мәселе туындады. Ауыл шаруашылығы зардап шегіп жатыр. Эпизоотиялық ахуалдың да күрделеніп кету қаупі бар. Жалпы экожүйеге түсетін салмақ артты. Үкіметке білікті мамандарды жұмылдыра отырып, осы мәселені жан-жақты зерделеуді…
Подробнее
Касым-Жомарт Токаев: «В целом, в каждом регионе проходят подобные «якорные» культурно-туристические мероприятия, многие из которых уже стали традиционными и ожидаемыми. Эти мероприятия нужно проводить преимущественно за счет спонсорских средств. Необходимо распределить их равномерно в течение года, заняться их брендированием и рекламой. Каждое такое событие должно широко освещаться в СМИ, привлекать к себе внимание и внутри страны, и за рубежом. Это повысит интерес к регионам и будет способствовать развитию туризма» t.me/aqorda_resmi    
Подробнее
Президент: «Келесі мәселе. Туризм аймақтардың дамуына серпін беретін сала болуға тиіс. Жергілікті жердегі республикалық және халықаралық іс-шаралар өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Биыл Таразда өтетін «Достастық жәрмеңкесі» осындай жобаның бірі болмақ. Жәрмеңкеге көптеген елдің қолөнершілері мен ауыл шаруашылығы мамандары шақырылды. Бұл іс-шара серіктес елдермен экономикалық байланысымызды одан әрі күшейтеді. Сонымен қатар ең көне сауда және мәдениет орталығының бірі – Тараз қаласының беделін арттыра түседі, облысқа жаңа инвестиция тартуға және туристердің көптеп келуіне септігін тигізеді» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Серьезной точкой роста регионов должен стать туризм. Укреплению туристического потенциала регионов способствуют проводимые там мероприятия республиканского и международного масштаба. Одним из таких…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Вторым наукоградом, как считают ученые, мог бы стать город Курчатов, который обладает соответствующим опытом и традициями. Но предупреждаю: все эти планы должны базироваться на реальных расчетах и кропотливой работе по их реализации. Воздушных замков мы уже повидали сполна. Спрос будет жесткий» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ. Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «В современном мире экономика, безусловно, должна опираться на инновации. Мы многое делаем для развития науки, особенно прикладного характера. Обеспечивается коммерциализация научных открытий, усиливается связь науки и производства.…
Подробнее
Президент: «Экономиканың барлық саласына цифрлық технологиялардың енгізілуі еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын ең басты фактор болуға тиіс. Бұл жерде цифрлық активтер индустриясы мен блокчейн технологиясын дамыту маңызды рөл атқарады. Цифрлық активтердің заңды айналымын қамтамасыз ету, криптоайырбастау қызметін жүргізу және цифрлық майнингке инвестиция тарту үшін осы саланы реттеу ісін ырықтандырудың шұғыл шараларын қабылдау қажет. Бұл қадам еліміздің осы аймақтағы цифрлық қаржы технологияларының орталығы ретіндегі рөлін арттырады. Сондай-ақ, цифрлық активтердің көлеңкелі айналымын азайтуға мүмкіндік береді әрі салық түсімін көбейтуге септігін тигізеді» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Цифровая трансформация экономики должна стать ключевым фактором усиления конкурентоспособности нашей страны. И здесь большую роль играет развитие индустрии цифровых…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектіні қолдану бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін барынша арттыруға, салық және кеден ісін жүргізудің сапасын жақсартуға, мемлекеттік сатып алу саласын оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл үрдістерінің бәрін одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді. Құзырлы мемлекеттік органдар сарапшылармен және ІТ-мамандармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, артық шығындарды азайтуға, барлық саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, өнімділігін арттыруға арналған тың тәсілдер іздеп тауып, оны қолданысқа енгізіп отыруға тиіс. Мен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймын» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Применение искусственного интеллекта кардинально повысит эффективность использования бюджетных средств, улучшит налоговое и таможенное администрирование, оптимизирует государственные закупки, упростит все процессы взаимодействия граждан и…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға кеңінен енгізу мәселесіне үнемі назар аударамын. Қазір қай елдің жаңа технологияларды өз пайдасына жарата алатыны, қай елдің көш соңында қалатыны анықталып жатқан шешуші кезеңге қадам бастық. Экономиканың барлық саласы және еңбек нарығы жасанды интеллектінің тікелей қатысуымен түбегейлі өзгеріп жатыр. Адамзат тіршілігінің мәні мен қалыбы басқаша сипат алып барады. Осы орайда инновациялар экономикасы деген жаңа құбылыс пайда болды. Онда өзгеше ойлау қабілеті, шығармашылық тұрғыдағы жаңашылдық және әлеуметтік дағдылар алдыңғы қатарға шығады» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «Я постоянно акцентирую внимание на задаче тотальной цифровизации и повсеместного внедрения искусственного интеллекта. Наступила новая эпоха,…
Подробнее