Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыста чемпиондық атақ үшін таласты АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінде бір күнде екі матч өткізді. Қазақстандық теннисші сенбі күні алдымен жекелей сында жартылай финалда әлемнің 242-ракеткасы, ресейлік Алина Чараевамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Жібек 6:4 есебімен басым түскенімен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 4:6, 1:6. Тартысты матч 2 сағат 24 минутқа созылды. Финалға шыға алмағанына қарамастан, Ж.Құламбаева WTA Live рейтингісінде 309-орынға көтеріліп, ТОП-300-ге жақындап тұр. Қазақстандық теннисші сонымен қатар жұптық сында ұлыбританиялық Фрея Кристимен бірге финалда ойнады. Қазақстандық-ұлыбританиялық жұп соңғы бәсекеде түркиялық Айла Ақсу – чехиялық Анна Шишковаға…
Май
26
2025