
ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі Соңғы жылдардағы ірі төтенше жағдайлар азаматтық қоғамның, атап айтқанда, еріктілер мен волонтёрлердің төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жүйесіндегі рөлінің маңыздылығын айқын көрсетті. Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі 47 мыңға жуық еріктіні біріктіретін 136 волонтёрлік ұйыммен өзара ынтымақтастық орнатқан. Еріктілер кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін нақты көмекке айналуда. Бұл әсіресе жастар арасында өзекті, себебі волонтёрлік ұйымдар болашақтағы ТЖ саласының кадрлық резервін қалыптастырады. Министрлік волонтёрлік ұйымдармен бірлесіп, жұмыс бағытын үш негізгі сала бойынша ұйымдастырады: табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету (гуманитарлық қолдау қоса алғанда), төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға қатысу, сондай-ақ…