АЛМАТЫДА ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН БИОҚАУІПСІЗДІККЕ 120 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, іс-шара Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мерейтойына арналды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрліктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа елдері, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерден келген ғылыми мекемелердің ғалымдары мен мамандары қатысты. Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған институттың еліміздегі алғашқы ғылыми мекемелердің бірі ретінде тарихи маңызын атап өтті. «120 жылдан астам тарихында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ветеринария,…
Май
19
2025