
Ақмола облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді Биыл әлем бойынша мамырдың үшінші жексенбісінде, яғни 18 мамырда, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні 42-рет аталып өтеді. Осыған орай Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы 12–16 мамыр аралығында ауқымды ақпараттық-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда. Бұл туралы орталық бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Ахильбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Маманның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы төрт айында өңірде ЖИТС инфекциясының 37 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға аз, яғни жағдай тұрақтанып келеді. Жаңа жұқтырулардың басым бөлігі – қорғалмаған жыныстық қатынас салдары. «Біз бұл күнді тек еске алу үшін емес, қоғамның…