«БАҚЫЛАУ ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ 6 қазан – референдум күні «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы Қазақстан бойынша 10 қалада атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Талғар және Қонаев қаларында бақылаушылық жасады. Барлығы 1800 учаскеде дауыс беру процесінің шынайы әрі таза өтуін бақылады. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобын құру туралы бастама көтерілгеннен бастап, есімдері елге белгілі саясаттанушы азаматтар біздің бастамамызды қолдады. Алматы қаласындағы Бас штаб пен өңірлік штабтарда әр аймақтарда пікір қалыптастырып жүрген, қандай да бір партиялық тізімде жоқ көшбасшылар таңдалып алынды. Алматы қаласындағы штаб пен өңірлік штабтар бақылаушыларлы оқыту жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізді. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы жасақталған…
Окт
07
2024