Есіл ауданында азаматтық қорғау бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтуде А. ж. 9 қазанынан бастап Есіл ауданында басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері жұмысының практикалық дағдыларын пысықтауға және тексеруге бағытталған кешенді оқу-жаттығулар басталды. Аталған оқу-жаттығулар халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан (ТЖ) қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының орындалуын талдауға бағытталған. Оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтерінің ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындық деңгейін жетілдіру болып табылады. Үш күн ішінде жаттығуларға қатысушылар практикалық дағдыларды игеріп, теориялық сабақтардан өтеді. Оқу-жаттығудың бірінші күні теорияға арналды. Күннің бірінші жартысында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтарымен…
Окт
10
2024