БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды. Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жиналған студенттерге елорда әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Сабырұлы Ыбыраев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қанатұлы Қондыбаев бастаған ұйымдастырушы топ 1000-ға жуық волонтердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі барын, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы маңызын жеткізді. Волонтерға қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралы мәліметтің барлығы жан-жақты түсіндірілді. Жастардың еріктілер жасағы спорттық және мәдени шаралардың маңызды бөлігі. Мейманды қарсы алу, үлкен-кіші демей жол көрсетіп, бағыт сілтеу, шетелдіктерге аудармашы болу деген көзге көрінбейтін істің бәрінде волонтер жүреді. Былайша айтқанда…