
«Дипломмен ауылға!»: нәтижелі жоба
Білікті мамандарды тарту арқылы ауылдыңкадрлық әлеуетін дамыту мақсатында облысымызда «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныңміндетін атқарушы Әсет Асылбекұлы Құрманғожин баяндады. «Дипломмен ауылға!» жобасы 2009 жылдан бастап жас мамандарға көтерме жәрдемақы беруден бастау алса, 2010 жылдан бері баспана алуға немесе немесе салуға бюджеттік несие беру арқылы жалғасын тапты. Әлеуметтік салаға, агроөнеркәсіптік кешенге білікті мамандарды және ауыл, елді мекен, село әкімі аппараттарына мемлекеттік қызметшілерді (бас маман, жетекші маман) тарту – жобаның негізгі мақсаты.. Әсет Асылбекұлының айтуынша, жоба қатысушыларына мемлекет тарапынан 100 АЕК көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы және ауылдық жерлерде 2000…