Ақмола облысында вакцинациядан бас тарту саны азайды Ақмола облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көпшілігіне байланысты, тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда, алайда көкжөтел, қызылша сынды аурумен сырқаттанушылардың саны өскен. Бұл туралы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Вакцинация науқаны топтардың 76,5% -ын қамтуға қол жеткізді, бұл ДДҰ ұсынған деңгейден (79-83%) төмен. Облыста вакцинациядан 1368-ге жуық бас тарту тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға аз. Бас тартудың негізгі себептеріне жеке сенімдер, діни көзқарастар және вакциналарға сенімсіздік жатады. «Жыл басынан бері тіркелген көкжөтел ауруының көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Деседе, расталған жағдайлардың саны…
Ноя
13
2024