
Ақмола облысында жаңа мектептер, балабақшалар мен жатақханалар салынып жатыр Ақмола облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Жаңа мектептер, балабақшалар мен жатақханалар салуға ерекше назар аударылып отыр. Биыл 15 мектептің құрылысы қолға алынған, онда бір ауысымда 14,5 мың оқушыны қабылдауға мүмкіндік бар. Оның ішінде 8 400 жаңа орынға есептелген 7 нысан аяқталды. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Оның айтуынша, шет аймақтарды дамыту бағдарламасы аясындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Қосшы қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Алдағы айларда Біржан сал ауданы…