Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатындағы алғашқы ойынында сенімді жеңіске жетті!

Алматы 16 жылдан кейін әйелдер командалары арасындағы гандболдан Азия чемпионатын қайта қабылдады! 🇰🇿

Топтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстанның әйелдер құрамасы Австралия командасын 37:18 есебімен жеңді. Осылайша, ұлттық құрама турнирдегі алғашқы екі ұпайын еншіледі! 👏

В тобында Қазақстан мен Австралиядан бөлек, Оңтүстік Корея, Үндістан және Өзбекстан құрамалары өнер көрсетеді.

А тобында Қытай, Жапония, Гонконг, Иран және Таиланд құрамалары жүлделі орындар үшін бақ сынауда.

📅 Бүгін ұлттық құрама турнирдегі кезекті матчын өткізеді. Қазақстан құрамасының қарсыласы – Үндістан командасы.

🏆 Азияның 21-чемпионаты 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтуде.

🌍 Турнир 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Құрлықтық біріншіліктің үздік төрт командасы әлем чемпионатына жолдама алады.

Ұлттық құрамаға жанкүйер болайық! 🇰🇿🔥

By admin

Читайте также