Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін! Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Міне, биыл осы егемендігіміздің 30 жылын тойлағалы отырмыз. Осы бақытқа толы қуанышты мереке қарсаңында біз ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосып, көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған, ауыл тұрғындарының арасында үлкен құрметке бөленген Жаңа-Қима ауылының тұрғыны Өмірзақова Роза Шермұханбетқызы жайында жазуды жөн санадық.
Кейіпкеріміз 1951 жылы Есіл ауданы Ярослав ауылында әкесі Шермұханбет пен анасы Қапипаның отбасында үйінің үшінші перзенті болып жарық дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан Соғысының ардагері, колхоз төрағасы болса, анасы соғыс жылдары комбайн, трактор жүргізушісі, Комсомол важагы болып кейіннен есепші қызметінде жұмыс атқарып, үш тілді бірдей меңгерген өте білімді жандар болады. Көпбалалы отбасынан шыққан Роза Шермұханбетқызы жастайынан өте пысық, алға қойған мақсатына жетпейінше тыным таппайтын өте белсенді қыз болып бой жетеді. Жан-жақтылығымен ерекшеленген кейіпкеріміз бес жасқа толған кезінде отбасымен Запорожье ауылына көшіп келеді. Ол кезде әкесі ауыл зоотехнигі болып қызмет атқарды. Отбасы тәрбиесі — қоғам негізінің бастауы, отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатары баршамызға аян ғой. Міне осындай тәрбиелі отбасында өскен Роза Шермұханбетқызы үнемі әкесінің «біреудің ала жібін аттама, қандай ұлы тұлға болсаңда басыңды қарапайым халықтың алдында ие біл» деген кеңестерін санасына сіңіріп өседі. Кейіпкеріміздің ағасы Жұмабек екі әлем чемпионын түлеткен бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғыны болса, бірі мемлкеттік қызметте және түрлі сала мамандары болып жұмыстарын атқарып келе жатқан, үлгілі отбасыларының қатарынан көріне білді.
Сол ауылдың білім ордасын ойдағыдай аяқтап, бала кезгі ұстаз болу арманын орындау мақсатымен С. Сейфуллин атындағы Целиноградтық Мемлекеттік педагогикалық институтына филология факультетінің «орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің ұстазы» мамандығы бойынша оқуын аяқтап, білімін шыңдайды.
— Роза Шермұханбетқызы біздің әңгімеміз биыл 30 жылдығын атап өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуде. Жақсы ауданының қалыптасуына өз ізін қалдырған аудан тұрғындарының ең беделді тұлғаларының бірісіз, өзіңіз жайында айтып өтсеңіз, еңбек жолыңызды қалай бастағаныңыз жайында сөз қозғасақ…
— Мен дұрыс тәлім-тәрбие бере білген, мен үшін баға жетпес адамдардың отбасында өмір сүрдім. Әкем ҰОС ардагері, сұрапыл соғыстан аман-есен оралғаннан кейін ұзақ жылдар Ярослав ауылында колхоз төрағасы болып жұмысын адалынан атқара білген адам. Үнемі өз білгенін үйретіп, ақылын айтудан жалыққан емес, ал мен өз кезегімде айтылған әр бір сөзін бар ынтаммен тыңдап, санама сіңіре білдім. Алғашқы еңбек жолымды институтымды аяқтап, қолыма дипломымды алып, Қима орта мектебіне орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің ұстазы болуымен бастадым. Қызыққа толы мол жылдар, жас маман болып орналасқан сәтім еш есімнен кетпесі анық. Бұл білім ордасында мен төрт жылдай қызмет атқарып, кейіннен интернат басшысы болдым. Уақыт өте келе Монастырка мектебінің мектеп директоры болып тағайындалып, өз жұмысымды бар күш-жігерімді сала атқардым. Бір шама жылдық еңбегім бағаланып Лозовое ауылдық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, кейіннен Қима аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болып сайландым. «Еңбегі көптің — өнбегі көп» демекші қай салада қызмет жасасамда еңбектенуден, ізденуден еш жалыққан емеспін.
— Сіз көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істедіңіз, неге сіз осы қызмет саласын таңдадыңыз? Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктеріңізбен бөліссеңіз…
— Жоғарыда айтып өткенімдей, бала кезгі арманым ол ұлағатты ұстаз болу еді. Алайда, ұстаздық жолым қысқа