Құрметті Жақсы ауданының мектеп оқушыларының ата-аналары!

2022 жылғы 17 қаңтарда 2021-2022 оқу жылының III тоқсаны басталады.
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы хаттамасына сәйкес 600 — ге дейін оқушысы бар мектептер штаттық форматта, 600-ден астам оқушысы бар мектептерде қашықтықтан оқыту форматында оқытылады.
Жақсы ауданында барлық 21 мектеп оқуды штаттық режимде бастайды. Мектепке дейінгі білім беру мен қосымша білім беру ұйымдары толықтай штаттық режимде жұмыс жасайтын болады. Спорттық секциялар, үйірмелер де штаттық режимде өткізіледі.
Қашықтықтан оқитын барлық тілек білдірушілер білім беру ұйымының компьютерлік техникасымен және роутерлерімен қамтамасыз етіледі.
Мектеп бітірушілер үшін емтиханға, ҰБТ — ға дайындық бойынша қосымша сабақтар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мектепте өткізіледі.
Құрметті ата-аналар, III тоқсан біз бірге ұйымдасқан түрде бастауымыз керек. Оқушыларды сапалы оқыту тек біздің бірлескен жұмысымызға байланысты.
Оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша білім бөлімінің Call орталығының 21-7-94 телефонына немесе жеке өзіме, білім бөлімінің басшысына 87056590545 хабарласуларыңызға болады
Білім бөлімінің басшысы Е.Шапиев
@zhaksy_audanynyn_akimdigi

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также